«Зиянды әрекеттердің алдын алу»
2018 жылдың 21 қараша күні Қазалы көлік- техникалық жоғары колледжінің кітапханасында салауатты өмір салты кабинетінің маманы Қонысбаева Гулназия, дәрігер Алиева Айгерімнің қатысуымен «Тамақтану гигиенасы.Тамақтану нормасы, тәртібі», «Есірткілік және токсикалық заттардың адамның репрадуктивтік денсаулығына әсері», «Зиянды әрекеттердің алдын алу» тақырыптары бойынша кездесу өткізілді. Колледж мейіркеші Айман Ақмарал «Тамақтану гигиенасы.Тамақтану нормасы, тәртібі» тақырыбында баяндама жасады. Қонысбаева Гулназия студенттерге алкогольді ішімдіктер туралы айтса, Алиева Айгерім есірткілік және токсикалық заттарының зияны туралы мағлұмат берді. Кездесу барысында студенттерге түрлі анкеталық сұрақтар қойылып, сергіткіш ойындар жүргізілді.