Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
2018 жылдың 14 қараша күні колледжіміздің мәдени орталығында студенттер кәсіподақ комитетінің ұйымдастырумен 17 қараша - Халықаралық студенттер күніне орай «Қызықты көңіл - студенттік өмір» атты мерекелік кеш болып өтті. Кеште колледж директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы сөз сөйлеп, жастарды, студенттерді аталмыш мерекемен құттықтады. Кеште 1 курс студенттеріне «Студенттік билет» табысталып, студенттер комитетінің мүшелері Абдулла Бекарыс, Жәли Венера, Кежденбек Айгерім, Мамай Жадыра алғыс хаттармен марапатталды. Кеш одан әрі Студенттік баллмен жалғасты.