«ҚЫЗДАР СҰЛУ КӨРІНЕР ҚЫЛЫҒЫМЕН...»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қол сұғылмаушылық пен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қыздар сұлу көрінер қылығымен...» тақырыбымен денсаулық саласы мамандарының қатысуымен таным сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, шынайылыққа, ар-намысын, тазалығын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Шара барысында Қазалы аудандық теміржол емханасының гинекологы А.Ахметова «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында ерте жүктіліктің алдын алу, қорғану жолдары туралы айтса, Қазалы аудандық теміржол емханасының психологы Р.Мамбеталиева жас жеткіншектерге психологиялық кеңес беру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараны директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қорытындылап, қазіргі таңдағы қазақ қызының бойындағы өнегелік, ізгілік қасиеттер туралы айтты. Кеш барысында білім алушылар мамандарға көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.









