ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА»

«ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «2 қазан-Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі қарсаңында 29 қыркүйек-3 қазан аралығында еліміз бойынша ТжКББ жүйесінің беделін арттыруға бағытталған ауқымды тұжырымдама аясында іс-шара жоспары жалғасын табуда. Осы орайда, ЛТЭ-26/9 тобының ұйымдастыруымен  2 қазан-Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні қарсаңында колледждің 1982 жылғы түлегі, ардагер ұстаз Ахай Маржанкүл Керімбердіқызымен кездесу болып өтті. Шараның мақсаты-білім беру жүйесінің (ТжКББ) ардагерлерін, жұмысшы мамандықтарының маңызын және еліміздің дамуына қосқан ТжКББ-ның негізгі рөлін айқындау. Шара барысында зейнеткер ұстаз оқу орнында білім алған, қызмет атқарған жылдарына тоқталып, қызықты сәттерімен бөлісті.  ЛТЭ-26/9 тобының студенттері мен топ жетекшісі А.Сартай ұстазға құрмет көрсетіп, ықыластарын білдірді. 



02 қазан 2026 ж. 0