ҚКТЖК » Жаңалықтар » Еңбек еленсе – мерей өседі! ✨

Еңбек еленсе – мерей өседі! ✨

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Анар Барлыққызы дуальды оқыту жүйесін дамытуға қосқан үлесі және осы бағыттағы жоғары көрсеткіштері үшін арнайы марапатқа ие болды.

Ұстаздар күніне орай өткен шарада Қызылорда облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан Д. Абизовтың Алғыс хаты Салалық кеңес төрағасы Руслан Кәжденбекұлының табыстауымен салтанатты түрде тапсырылды.

Бұл – кәсіби біліктілік пен жауапкершіліктің, білім мен өндірісті ұштастыра білудің нәтижесіне берілген лайықты баға.

Дуальды оқыту – теория мен тәжірибені сабақтастырып, білікті маман даярлаудың маңызды тетігі. Осы бағытта жүйелі еңбек етіп, колледжіміздің жетістігін арттыруға үлес қосып жүрген Анар Барлыққызын шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!

Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз! 🌷👏

Марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіз жемісті, мерейіңіз үстем болсын! 💐


01 қазан 2026 ж. 0