ҚҰТТЫҚТАУ!
Құрметті әріптестер! Сіздерді 2 қазан-Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен құттықтаймын. Бұл күн-еліміздің болашағы үшін білікті мамандар даярлап, жастарға өмірлік жол сілтеп жүрген колледж ұстаздары мен қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Шәкірттеріңіз ел игілігіне қызмет ететін азаматтар болып қалыптаса берсін, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Сіздердің еңбектеріңіз-еліміздің дамуының кепілі!
Ізгі ниетпен, колледж директоры Рахметулла Жәлігерұлы!









