ҚКТЖК » Жаңалықтар » 1 ҚАЗАН-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ.

1 ҚАЗАН-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ.

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай ЛТЭ-25/9 тобының жетекшісі Г.Досекееваның ұйымдастыруымен «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-студенттерге қарт адамдардың қоғамдағы орны мен маңызын түсіндіру, үлкенді сыйлау, ата-әжелердің өмірлік тәжірибесін құрметтеу туралы түсінік қалыптастыру. Шара барысында 1 қазан-Халықаралық қарттар күні ресми түрде әлем бойынша, соның ішінде Қазақстанда жыл сайын атап өтілетіндігі, бұл атаулы күнді белгілеу туралы шешімді Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясы 1990 жылғы 14 желтоқсанда қабылдағандығы және алғаш рет бұл күн 1991 жылғы 1 қазаннан бастап тойланатындығы, Қазақстанда ресми  түрде 45 қарттар үйі бар екендігі туралы ақпарат беріліп, бейнебаяндар көрсетілді.



01 қазан 2026 ж. 0