«ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында дәріс сағаты болып өтті. Дәріс сағатының мақсаты-білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Тақырып аясында директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева білім алушыларды азаматтардың құқықтары мен міндеттерін білуге шақыра келе колледжішілік ішкі тәртіп ережесіне тоқталып, міндетті білім алушы формасына /теміржолшы/ қойылатын талаптар туралы айтып, қоғамдағы теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды.









