«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды.
Шара барысында жобаның негізгі мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ кітап оқу марафонының өткізілу тәртібі студенттерге жан-жақты түсіндірілді.
Марафонның басты мақсаты-білім алушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейту, көркем әдебиетке қызығушылығын қалыптастыру және рухани-мәдени құндылықтарды бойына сіңіру.
Студенттерге марафонға белсенді қатысып, таңдаған кітаптарын оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісу ұсынылды.
Кітап оқу-білімге бастар жол, рухани дамудың негізі!
Кітап оқитын ұлт- білімді ұлт!









