«ОТБАСЫ-БАҚЫТ МЕКЕНІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Алиевтің хатына сәйкес 15 қыркүйек-Отбасы күніне орай ЛМК-25/9 тобының студенттері арасында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты-отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және студенттерді бір-бірін сыйлауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында студенттер отбасы туралы өз ойларымен бөлісіп, отбасының адам өміріндегі орны, ата-ананың қадірі, сыйластық пен бірліктің маңызы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, топ жетекшісі Р.Байтілесов тақырып аясында тәрбиелік тапсырмалар мен қызықты әдістер ұйымдастырып, шарада студенттер белсенділік танытты. Осындай тәрбиелік шаралар жастардың бойында ұлттық және отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.









