ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ОТАН-ҚУАТ, ОТБАСЫ-ШУАҚ»

«ОТАН-ҚУАТ, ОТБАСЫ-ШУАҚ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Алиевтің 2026 жылғы 4 қыркүйектегі №1/3-11/2503 санды хатына сәйкес 15 қыркүйек-Отбасы күніне орай колледж педагог-психологы А.Таңжановтың ұйымдастыруымен «Отан-қуат, отбасы-шуақ» тақырыбында дәріс сағаты өткізілді. Шараның мақсаты-білім алушыларға отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрметті арттыру,Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыру екенін түсіндіру. Тәлімді шараға Қазалы аудандық «Болат жолы» емханасының психологы Жанайбекова Гульнара Куатбаевна қатысып, Отанға деген сүйіспеншілік ең алдымен отбасынан басталатынын, ал отбасы-адамға күш беретін, қиындықта қолдайтын, қуанышта бірге болатын ең қымбат мекен екенін жан-жақты түсіндірді. Шара барысында колледж педагог-психологы А.Таңжанов «Отан-отбасынан басталады» деген сөздің бекер айтылмағандығын, отбасынан алған тәрбие адамның бүкіл өміріне жол көрсететін шамшырақ екенін түсіндіріп, «Отбасы деген не?» тақырыбындағы бейнеролик аясында студенттерге қосымша сұрақтар қойылып, пікір алмасу болды.


09 қыркүйек 2026 ж. 0