"BRAIN BATTLE" САЙЫСЫ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде нақты ғылымдар бірлестігі апталығының аясында физика пәнінің оқытушысы Э.Қонысбай І курс білім алушыларына “Brain Battle” интеллектуалды сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты-студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту және оларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу. 4 турдан тұрған сайыс қорытындысы бойынша "IQ" тобы І орын, "Тапқыр" тобы ІІ орын, "Алғыр" және "Эврика" топтары ІІІ орындарды иеленді.








