ҚКТЖК » Жаңалықтар » «БАЛА КҮЛКІСІ-БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ БЕЛГІСІ»

«БАЛА КҮЛКІСІ-БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ БЕЛГІСІ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала күлкісі-бейбіт өмірдің белгісі» атты мерекелік іс-шара  ұйымдастырылды.

Аталған шараны колледж директоры Р.Ізтілеу ашып,  колледж  қызметкерлерінің балаларына құттықтауын арнады. Мерекелік кештің басты мақсаты-өскелең ұрпақтың жарқын болашағына деген қамқорлықты арттыру, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығын насихаттау және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Шара барысында балаларға арналған қызықты ойындар, танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Балғындардың шат күлкісі мен қуанышты көңіл-күйі мерекенің сәнін келтіріп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Колледж ұжымы балаларға әрдайым қолдау көрсетіп, олардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау-біздің маңызды міндеттеріміздің бірі.

Балалар-мемлекетіміздің болашағы, ел ертеңінің сенімді кепілі. Олардың амандығы мен бақытты балалық шағы- баршамыздың ортақ құндылығымыз. Осы орайда барлық бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз!


01 маусым 2026 ж. 0