«23 СӘУІР-ҰЛТТЫҚ КІТАП ЖӘНЕ КІТАПХАНАШЫ КҮНІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 23 сәуір-Ұлттық кітап және кітапханашы күні мерекесіне орай «Ұлттық код және әдебиет» атты интеллектуалды байқау ұйымдастырылды.
Студенттердің білімін, ой-өрісін және әдебиетке деген қызығушылығын анықтау мақсатында байқау 3 кезең бойынша өтіп, сайысқа 1 курс студенттерінен құралған «Дәстүр», «Мұра», «Таным» топтары қатысып, өзара тартысты бәсекеде бақ сынады. Байқау барысында қатысушылар ұлттық құндылықтар мен әдеби мұраға қатысты сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін көрсеттті және кезеңдер бойынша топтар тапқырлық танытып, берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауға тырысты. Әсіресе, әдеби кейіпкерлерді тану, мақал-мәтелдерді жалғастыру және логикалық сұрақтарға жауап беру кезеңдері ерекше қызығушылық тудырды. Байқау барысында студенттер тек білімдерін көрсетіп қана қоймай, ұйымшылдық пен командалық жұмыстың үлгісін де көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен топтар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Байқау нәтижесінде студенттердің кітапқа деген қызығушылығы артып, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен ықпал ететіні атап өтілді.








