«ЗАҢДЫ БІЛУ-ҚАУІПСІЗ ӨМІРДІҢ КЕПІЛІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жастар ұйымының жетекшісі Е.Нұрсұлтанның ұйымдастыруымен «Заңды білу-қауіпсіз өмірдің кепілі» атты таным сағаты болып өтті. Таным сағатының мақсаты-білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Тақырып аясында жастар жанашыры Е.Нұрсұлтан білім алушыларды азаматтардың құқықтары мен міндеттерін білуге шақырып, құқықтық дауларды шешудің тиімділігін, құқық қорғау органдарына сенімділіктің артуын айта келе, қоғамдағы теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды.








