ҚКТЖК » «ТӨРЛЕТ, ЕЛІМЕ, ӘЗ-НАУРЫЗ!»

«ТӨРЛЕТ, ЕЛІМЕ, ӘЗ-НАУРЫЗ!»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Наурызнама онкүндігіне орай Қ-25/11 тобының жетекшісі К.Қарымсақованың ұйымдастыруымен таным сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-Наурызнама мерекесіне орай мәдениет пен дәстүрі тоғысқан Ұлыстың ұлы күні аясында халқымыздың салт-дәстүрі мен тарихын, өнегелі жолын келешек ұрпаққа насихаттау, саналы тәрбие беру. Шара барысында Наурыз мейрамы шығыс халқының көне күн  тізбегінде жыл  басы деп саналады. Себебі, бұл күн-күн мен түннің теңелетін, жан-жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн. Шарада қонақтарға Наурыз көжеден дәм ұсынылып, білім алушылар ән-күйден шашу шашып, бүлдіршіннің  тұсау кесу рәсімін жасады. 




---
20 наурыз 2026 ж. 0