"18 НАУРЫЗ-«ҰЛТТЫҚ КИІМ" КҮНІ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Наурыз мейрамының онкүндігі аясында 18 наурыз-Ұлттық киім күніне орай «Ең әдемі киім-ұлтыңның киімі» атты мерекелік-танымдық іс-шара болып өтті. Шараның мақсаты- бабалар мұрасын жаңғыртып, қазақ халқының дәстүрлі киім мәдениетін дәріптеу, қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту. Шара барысында ЛТЭ-25/9 «Техник-электромеханик» тобы /топ жетекшісі Г.Досекеева/ студенттері әннен шашу шашып, ұлттық өнерімізді дәріптейтін биден шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, студенттер ұлттық киімдердің түрлерін таныстырып, олардың ерекшеліктері мен тарихына тоқталды. Әрбір киімнің өзіндік мәні мен сәні бар екені көрсетіліп, ата-бабадан қалған асыл мұраның маңызы кеңінен насихатталды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, рухани жаңғыруына жол ашады.








