«ЗАҢ-ӨМІР ТІРЕГІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ЛМК-24/9-2 тобының жетекшісі С.Сыдықтың ұйымдастыруымен «Заң-өмір тірегі» атты тәрбие сағаты болып өтті. Білім алушыларға 10-минуттық «Қауіпсіздік сабағы» өтіліп, «Қазақстандағы балалардың құқығы қалай қорғалады?» тақырыбында ақпарат берілді.
Тәрбие сағатының мақсаты-білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Тақырып аясында топ жетекшісі С.Сыдық студенттерді азаматтардың құқықтары мен міндеттерін білуге, құқықтық дауларды шешудің тиімділігін, құқық қорғау органдарына сенімділіктің артуын, қоғамдағы теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды.








