ТӘЖІРИБЕ-ТАБЫСТЫҢ БАСТАУЫ!
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде тәжірибе алмасу мақсатында №266 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары ашық есік күніне келіп, материалдық базамен танысты. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, кәсіби бағдар беру және қолөнерге қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл тәжірибе алмасу шарасы-үлкен серпін берді. Тігін, аспаздық, графикалық дизайн бағытында білім алып жүрген үйірме мүшелері колледждің заманауи жабдықтарымен танысып, жаңа идеялармен шабыттанды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға, мақсат қоюға және еңбекке деген ынтасын арттыруға бағытталатыны сөзсіз.








